Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 325.79
EUR 402.94
RUB 5.33
CNY 51.90

Алматы облысында 3 жасар баланы қорлаған күтуші әйелге үкім шықты

2018 жылдың 17 сәуір 2018 18:10 288

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданында үш жасар баланы азаптаған күтуші әйелге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың үйіне күтуші болып жұмысқа орналасқан келіншек үш жасар баламен жалғыз қалған кезде оған айғайлаған, ұрып-соққан. Ол туралы баланың әке-шешесі үйге орнатылған бейнебақылау камерасынан білген.

«Айыпталушы өз айыбын мойындады. Ол сот шешімімен ҚР ҚК 110-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағына («Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты ұдайы ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері») сәйкес, үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - делінген үкімде.

Облыстық сот өкілдерінің айтуынша, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

 

 

Жоғары қарай