Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Алматы облысында 3 көпбалалы анаға үй берілді

2019 жылдың 15 наурыз 2019 18:27 1414

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Кербұлақ ауданында жалғыз басты үш көпбалалы анаға баспана берілді. Тұрғын үйлерді ауданның іскер азаматтары тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы үйдің кілті Қызылжар ауылының тұрғыны Жұмағыз Медетоваға берілді. Төрт бөлмелі үйді ауданда әлі салынып бітпеген цемент зауытының басшысы ұсынды. Жұмағыз Медетова үш қызымен пәтерден пәтерге көшіп, туыстарын жағалап жүргеніне 5 жылдан асыпты. Бұл сәтке әсіресе қызы Жібек қатты қуанған. арманы орындалғанын жасырмады. «Өзіміздің үлкен үй болса деп армандайтынмын. Қазір міне өзімізде үлкен үй бар. Қатты қуанып тұрмын. Жазда есік алдына гүл отырғызамыз. Өзіміздің бөлмелеріміз болады», дейді 4-ші сынып оқушысы. Ал Қоғалы ауылында тұратын Айгүл Ешпаеваның алты баласы бар. Кенжесі әлі бір жасқа да толмаған. Кәсіпкер ауылдан бірнеше үйді ұсыныпты. Бірақ ол өзіне жайлысын таңдап алды. Алғысы шексіз ана әлеуметтік төлемдердің де өскеніне қуанып отыр. Тағы бір баспана Талдыбұлақ ауылының тұрғыны Надежда Лемешкоға тару етілді. 6 баланың анасы да осы уақытқа дейін көшіп-қонып жүріп, тұрақты мекені болмаған.

Жалпы Кербұлақ ауданында 2100-ден астам көп балалы отбасы тіркелген. Үй кезегінде тұрған аналар саны 100-ге жуық. Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне дейін тағы үш анаға баспана берілмек. Одан бөлек 20 көпбалалы отбасыға азық-түлік, киім-кешек және отынмен көмек көрсетілді.


null



null 

 

 

Жоғары қарай