Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Алматы облысы толықтай цифрлық телерадиохабар таратуға көшті

2019 жылдың 28 маусым 2019 13:38

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Панфилов ауданы Жаркент қаласында аналогты телерадио хабарларын толықтай өшіру рәсімі өтті. Мемлекеттік жобаны іске асыру барысында облыстағы 772 елді мекенді цифрлық эфирлік телерадиохабар сигналымен қамтитын 90 радиотелевизиялық стансы салынып, жаңартылды. Бұл туралы Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Аймақтағы ең ірі Жаркент телерадио стансысында аудан әкімі Темірлан Бектасов аналогты хабар тарату желісін өшіріп, барша журналистерді кәсіби мерекемен құттықтады.

Алматы облыстық радиотелехабар тарату дирекциясының директоры Қайсар Раздықовтың айтуынша, қазіргі кезде цифрлық эфирлік телерадиохабар таратуға Алматы облысынан басқа да екі өңір қосылған. «Кезең-кезеңімен іске асатын жоба 2021 жылы еліміз бойынша толықтай цифрлық эфирлік форматқа көшіріледі», - деді ол.

Жаркент телерадио стансысының жедел кезекшісі Әкімжан Құдайбердиев бұған дейін аналогты телехабар таратуда механикалық жұмыстар көп болғанын айтады. «Ауыл-ауылдарды аралап, жұмыс жасайтынбыз. Қазір міне, барлығы цифрлық жүйеге көшті. Енді, барлығы автомат. Компьютермен басқарамыз», - деді.

Айта кету керек, қазірдің өзінде облыс орталығында цифрлық сапада 30-ға жуық телеарна көрсетілсе, ауылдық елді мекендерде 15-ке тарта телеарна көрсетіледі.




null


null


null

Жоғары қарай