Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Алматы мен ШҚО-да түрмелерді қадағалайтын арнайы прокуратура құрылады

2019 жылдың 19 қыркүйек 2019 17:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы мен ШҚО-да түзеу мекемелерін қадағалайтын арнайы прокуратура құрылады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы Сапарбек Нұрпейісов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Ішкі істер министрлігімен бірге қылмыстық атқару жүйесін модернизациялау бойынша жол картасы дайындалды. Бұл бағдарламалар бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатыр. Біз прокурорлық қадағалауды күшейттік. Жуықта ғана үйлестіру кеңесінде түрмедегі азаптау, медициналық көмекпен қамту, тәртіпті қадағалау сияқты өзекті мәселелеріді қарадық. Тиісті іс-қимал жоспары қабылданды. Оның нәтижесін жақында бірге көреміз деп ойлаймын. Сонымен қатар, Бас прокурор Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында түзету мекемелерінде заңның сақталуын қадағалайтын арнайы прокуратура құру туралы шешім қабылдады. Бұл қадағалау қызметтерінің тиімділігін арттырып, сотталған тұлғалардың конституциялық құқығының сақталуына септігін тиігзеді», - деді ведомство өкілі.


Жоғары қарай