Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Алматы мектептері қаншалықты қауіпсіз

2020 жылдың 19 ақпан 2020 17:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қоғамдық кеңес мүшелері мектеп қауіпсіздігі мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі таңда қалада 205 мектеп бар. Онда 265 010 оқушы оқиды. Ал, білім ошағының тәртібі мен қауіпсіздігін 172 мектеп инспекторы қадағалайды.

«Әр мектепте орта есеппен 8 камерадан бар. Кейбір мектептер өздері орнатады. Олар көбіне ғимараттың кіреберісіне орнатады. Әрине, әр мектеп үшін 8 камера аз. Жалпы, білім мекемелерінде 2858 камера орнатылған. Қосымша тағы 5000 камера қажет», - дейді қалалық ювеналды полиция өкілі.

Сонымен қатар, жиында мектеп инспекторларының жеткіліксіздігі сөз болды.

« Мектеп инспекторлары өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды. Сондай-ақ, қалалық полиция білім басқармасымен бірге үнемі құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - дейді полиция қызметкерлері.

Өз кезегінде, Алматы қалалық білім басқармасы келешекте камера санын артыратындарын жеткізді. Мұның бәрі бір жоба аясында ұйымдастырылатын болады. Ол өрт дабылы жүйесін жаңартуға да мүмкіндік береді. Бұл жобаға шамамен 5 млрд теңге қажет.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қауіпсіздік, Білім, Алматы,
Жоғары қарай