Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.86
EUR 435.32
RUB 6.12
CNY 55.12

Алматы көшелеріне қараған, церцис және емен ағаштары отырғызылып жатыр

2019 жылдың 13 сәуір 2019 16:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындары бір күннің ішінде 7 мыңнан астам ағаш отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Jasyl Meken» жалпықалалық акциясына 120 мыңнан астам қала тұрғыны, соның ішінде қоғамдық бірлестік өкілдері, мемлекеттік қызметшілер мен жастар қатысты.

«Отырғызылған ағаштар арасында шаған, қайың, жөке, емен, үйеңкі, қараған, шырша және тағы басқалар болды. Бұл ағаштардың басым бөлігі таулы аймақтарға жақсы бейімделеді және күтімді аса қажет етпейді. Ең бастысы - қала атмосферасын оттегімен қамтамасыз етеді. Отырғызылған ағаштар көшелердің сәнін келтіріп тұр», - деп атап өтті Алматы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Тимур Базарбаев.



null

Ағаш отырғызумен қатар, көше, аула аумақтары, қоғамдық орындар, арық желілері, өзен арналары тазартылды. Жиналған қоқысты шығару үшін 900 арнайы техника жұмылдырылды.

Көгалдандыру науқаны аясында Диваев көшесінен Одесская көшесіне дейін 557 ағаш, соның ішінде 100 түп емен, 175 жөке, 100 церцис, 75 сәнағаш, 25 қайың және 82 шырша отырғызылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда осы көктемде 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланып отыр.




null


null


null


null


null


null

Автор: Майя Теңізбаева

Басты сөздер: Алматы, Экология,
Жоғары қарай