Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Алматы қаласында алдағы жексенбі күні жолдардың кейбір бағыттары жабылады

2019 жылдың 16 тамыз 2019 15:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 18 тамыз күні «Tour of World Class Almaty» веложарысының өтуіне байланысты таңғы сағат 05:30-дан түскі 13:00-ге дейін веложарыс өтетін көшелер жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Веложарыс жылына бір рет өтеді. Бұл жолы Қазақстанның түкпір-түкпірінен және басқа елдерден жиналған велосипедшілер жолға шығады. Ұйымдастырушы ретінде біздің міндетіміз - маршруттың басталуы мен аяқталуына дейін қатысушыларға қауіпсіз жағдайды толықтай қамтамасыз ету. Осыған орай, қозғалыс жартылай шектеулі болады және спортшылар өз қашықтығын өткеннен кейін жолдар ашылады. Қала тұрғындары түсіністікпен қарап, қолдайды деп үміттенеміз», - дейді Tour of World Class Almaty» веложарысының ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева.

Бұл күндері бірнеше көше жабылып, көлік қозғалысы тоқтатылады.

Розыбакиев көшесі – Левитан көшесінен Әл-Фараби даңғылына дейін 05:30-дан мерекелік шараның соңына дейін (13.00) жабылады.

Әл-Фараби көшесі – Розыбакиев көшесінен Назарбаев даңғылына дейін 06:00-дан 10:30-ге дейін жабылады.

Сайын көшесі – Розыбакиев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін (Жандосов, Шаляпин, Абай, Төле би, Райымбек батыр көшелері) 06:00-дан 11:30-ге дейін жабылады.

Рысқұлов көшесі – Сайын көшесінен Бауыржан Момышұлы көшелерінің арасы 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.

Момышұлы көшесі – Рысқұлов көшесінен Ақын Сараға дейін 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.

Ақын Сара және Аққайнар көшелерінің арасы 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.

Аққайнар көшесі – автоцонға дейін және Бұрындай полиция полкына дейін 08:30-дан 12:00-ге дейін жабылады.

Соңғы қатысушы сағат 12.00-ге дейінгі қашықтықты өткеннен кейін ғана автокөлік қозғалысы толық қалпына келеді.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарынан веложарыс өтетін күнді (18 тамыз) алдын-ала жоспарлауды сұрайды.


Перевод Алма Мұқанова
Басты сөздер: Көлік, Қоғам, Алматы,
Жоғары қарай