Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 360.87
EUR 410.27
RUB 5.40
CNY 52.31

Алматы дәрігерлері тұңғыш рет қалқанша безі ісігін тіліксіз алды

2018 жылдың 18 шілде 2018 12:27 493

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталығы» АҚ базасында бірегей ота жасалды. Дәрігерлер тұңғыш рет қалқанша безінің ісігін тіліксіз, ауыз арқылы алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

65 жастағы пациенттің 7 жыл бұрын қалқанша безінің үстінде ісік пайда болған. Жыл өткен сайын бұл түйнеме үлкейе түскен.

Мамандар УЗД диагностикасынан соң қалқанша безінде 1,2х2,2х3,0 см көлемде түйнеме барын анықтаған.

А.Сызғанов атындағы Ғылыми хиругриялық орталығының мамандары шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Қалқанша безінің шағын инфвазивті хирургиясы» шеберлік класының аясында елде тұңғыш рет трансоралды тиреоидэктомия жасады.



null

Шеберлік сағатын профессор Мартин Штрик (Берлин, Германия) пен медицина ғылымдарының кандидаты Антон Павлович Пришвин (Санкт-Петербор, Ресей) өткізді.

«Айта кету керек, бұл әдістің ерекшелігі - тіліксіз жасалғандығында. Яғни, адамға ауырсыну синдромы аз болады, адам тез айығады. Жараны тігу қажеті жоқ», - деді мамандар.

Ота сәтті өтті. Қазір пациент бөлімшеге шығарылды.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Медицина,
Жоғары қарай