Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Алматы бизнесмендері қаланы дамыту бойынша өз ұсыныстарын айтты

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 10:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бизнес-қоғамдастықтың мегаполисті дамытуға қатысуы бойынша іскерлік кеңестің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы-2050» даму cтратегиясында белгіленген жеті басты бағытты іске асыру мақсатында 9 салалық комитет құрылды. Бизнес-қоғамдастық өкілдерінен өзге кеңес құрамына қала әкімінің орынбасарлары және салалық басқармалар басшылары енген болатын.

Биылғы жылдың қараша айында әр комитет өз отырыстарында «Алматы-2050» даму стратегиясын, «ақылды», қауіпсіз әрі шетсіз қаланы дамыту перспективаларын, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту мәселелерін талқылаған болатын. Комитеттер төрағалары атқарылған жұмыстар туралы баяндады және мегаполисті дамытудың түрлі бағыттарын іске асыру бойынша өз ұсыныстарын айтты.

«Іскерлік кеңестің даму стратегиясын талқылау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары біз үшін пайдалы әрі мазмұнды. Бизнесмендердің өз тәжірибелері мен білімдерін бөлісуге, қала және оның тұрғындары үшін бастамалар мен бағдарламаларды бірге жүзеге асыруда ресурстарды пайдалануға дайын екендігі қуантады, - деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Жиында іскерлік кеңестің 2020 жылғы жұмыс жоспары талқыланды.

Жоғары қарай