Ауа райы
Нұр-Сұлтан 3 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

Алматы әуежайы тұрағының төлем тарифі көтерілді

2018 жылдың 23 шілде 2018 21:04 189

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайы жанындағы автотұрақ тарифі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы Халықаралық  Әуежайы АҚ фейсбуктегі парақшасында мәлімденгендей, 2018 жылдың 3 шілдесінен бастап тұрақ құны өзгерді.

Ал Алматы Халықаралық  Әуежайы АҚ маңында вокзалжанындағы ашық  тұрақ құны өзгерген  жоқ.

Вокзал жанындағы жабық тұрақ кешенінде тұрақ құны 300-2000 теңге көлемінде болмақ.

Ақы тұраққа ұзақтығына қарай есептеледі. Көлік  15 минут тұрса тұрақ тегін болмақ.

«Әуежай маңында жұмыс істейтін тұлғалар үшін  тұрақ құны айына 36000 тг болады. 6 айлық төлем 180000 тг мөлшерінде. Бір немесе одан көп көлік қоятын ұйымдар 1 орынға 30000  тг төлейді. Жолаушылар терминалы иелері айына 1 тұрақ орнына 27000 тг төлейді. Жоғалған талонды қалпына келтіруге 500 тг төленеді», - делінген хабарламада.

Ал Майлин 1в мекенжайындағы тұраққа көлік қою үшін ұзақтыққа байланысты 200-1000 тг төлеуге тура келеді.

Алғашқы 15  минут тегін. Ал жоғалған талонды қалпына келтіру 1500 тг тұрады.

 

 

Автор: Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Көлік,
Жоғары қарай