Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Алматы әкімі болған Бауыржан Байбек несімен есте қалды

2019 жылдың 28 маусым 2019 21:29

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Бауыржан Байбек Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды. 2015 жылдан бері Алматы қаласына басшылық еткен Бауыржан Байбек қандай оқиғалармен есте қалды. ҚазАқпарат елеулі оқиғалар шолуын ұсынады.

Алматыдағы сел

Табиғи апат жаңға әкімнің келуіне дейін - 2015 жылдың шілде айында болса да, оның салдары мен Наурызбай ауданы тұрғындарының мәселесін Бауыржан Байбекке шешуге тура келді. Әкім көшпелі жиындар өткізіп, аудан тұрғындарымен кездесті. Оның тұсында Қарғалы өзенінің арнасын нығайту жұмыстары жүргізілді.

«Оңай»

Бауыржан Байбек тұсындағы тағы бір жаңалық «Оңай» электронды билет жүйесі болды. Мегаполистегі қоғамдық көліктерге дифференциалды тариф енгізілді.

Универсиада

Қала әкімінің келуімен студенттік сайыстарға дайындық пен өткізуге арналған бюджет 32 млрд теңгеден 17 млрд теңгеге дейін екі есеге үнемделді. Қала 2017 жылғы Универсиаданы абыроймен өткізді.

Қаланың тарихи орталығы мен көшелерін реконструкциялау

Бауыржан Байбектің тұсында Алматы көшелеріне жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілді. Панфилов көшесінің бойында жаяу жүргіншілер зонасы пайда болды. Абай, Назарбаев, Абылай хан даңғылдары реконструкцияланды. «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығындағы алаң қайта ашылды. Веложолдар мен жаяу жүргіншілер жолы көбейді. Тарихи орталықтың үштен екі бөлігі заманауи стандарттар бойынша жаңғыртылды.

Фурманов көшесінің Назарбаев даңғылына айналуы

2017 жылдың қарашасында мәслихат сессиясында Фурманов көшесін Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп қайта атау шешімі қабылданды.

Көліктік реформа

Бауыржан Байбек қаланың көліктік реформасына көп көңіл бөлді. Осылайша, Алматының үлкен айналма жолының құрылысы басталды. Екі темір жол вокзалының реконструкциясы басталды. Жеке инвестициялар есебінен Алматы халықаралық әуежайын жаңғырту жоспарланып отыр. Қазақстан бойынша алғаш рет Алматыда қоғамдық көліктің жол уақытын 32% азайтқан BRT желісі ұйымдастырылды. Одан бөлек, метро желілері салынып, ЛРТ құрылысы ұсынылып жатыр. Бірнеше көше біржақты қозғалысқа ауыстырылды.

Белка

Бауыржан Байбектің тұсында танымал арт-нысан «Тиін» пайда болды және ол қоғамның қоғамның көп талқысына түсті.

Көк Жайлау

2015 жылы халық наразылыған кейін Көк Жайлаудағы курорт жобасы тоқтатылды. Билік жобаны толықтырды және оңтайландырды. Бауыржан Байбек Көк Жайлау тау-шаңғы курортының туризмді дамытудағы маңызды нысан болатынын, онда бірнеше адамның жұмыспен қамтылатынын айтқан еді. Бірақ, Президент сөзінен кейін қала билігі жобаны тағы кейінге қалдырды.

Көпбалалы отбасыларды қолдау

Кешенді қолдау жұмыстары мемлекеттік жәрдемақы, атаулы көмек, әлеуметтік төлем, демеушілік қолдау және жұмыспен қамтуға көмектесу шараларын қамтиды. Сонымен бірге, қалада «Бақытты отбасы» әлеуметтік тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады. Жалпы көпбалалы және аз қамтылған отьбасыларды қолдауға бюджеттен қосымша 3 млрд теңге бөлінді.

Әкімдіктің жаңа құрылымы

Алматы әкімдігінде 12 басқарма қайта аталып, 6 басқарма таратылды. Осылайша, қалада жасыл экономика, әлеуметтік әл-ауқат, қалалық ұтқырлық, энергия тиімділігі және инфрақұрылымдық даму және қалалық жоспарлау басқармалары пайда болды.

Жоғары қарай