Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Алматы әкімдігі жол апатынан болатын өлім-жітімді азайтуды көздеп отыр

2019 жылдың 1 сәуір 2019 18:29 786

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 2021 жылға дейінгі жол қауіпсіздігін арттыруға және жол-көлік оқиғасы кезінде болатын өлім-жітімді азайтуға бағытталған іс-қимыл жоспары жасалды және бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалада 2016 жылдан бері қоғамдық көлікті кешенді реформалау жүзеге асып жатыр. Атап айтқанда,  жаяу жүргінші аймағы, велосипед жолдары желісі ұлғайды. Күре жолдарда жылдамдық барысы төмендеуде. Статистикалық мәліметке сенсек, осы нақты шаралардың арқасында жол апаты кезінде болатын адам өлімі азайды.

Мысалы, 2018 жылы қала жолдарында 133 адам қаза тапса, 5200 адам түрлі жарақат алды. Сондықтан Алматы әкімі Бауыржан Байбек қалалық Мобильділік басқармасына үздік әлемдік практиканы ескере отырып, жолдарда адам қазасы мен жарақат алуды азайтуға бағытталған жоспар жасауды тапсырған еді.

Сараптама көрсеткендей, жол апаты негізінен төрт және одан да көп жолақты күре жолдарда жиі болады. Оның үстіне жол апатынан көбінесе жаяу жүргіншілер жарақат алады. Vision Zero-ның жаһандық концепциясына орай, қалада адамдардың қоғамдық көлікті пайдалануына басымдық берілгені жөн. Зерттеу көрсеткендей, қоғамдық көлік дамыған аудандардың тұрғындары автомобильденген ортадағы адамдарға қарағанда жол-көлік апатына бес есе аз ұшырайды екен. Осы мақсатта BRT, LRTжелілерін кеңейту және метро - жол-көлік оқиғаларын азайтудың негізгі шаралары.

«Vision Zero Almaty» іс-қимыл жоспарында жолдардың, көшелердің, түрлі белгілердің өзгеруі және «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз көше», «Қауіпсіз жылдамдық», «Қауіпсіз қоғамдық көлік», «Жол қозғалысын бақылаудың интеллектуалды жүйесі», «Барлық қызметтерді үйлестіру» және басқа қадамдар көрініс тапқан. Бекітілген іс-қимыл жоспары негізінде жаңа әдістерді енгізу арқасында жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі артады. Жаяу жүргіншінің өтпелі жолдарына диодты жарық шамдары, ал адамдар көп жиналатын өтпелі жерлерге кнопкалы бағдаршамдар орнатылады, бағдаршамдарға жасыл фазаны ерте көрсететін қосымша бекітіледі.

Бұдан өзге, жылжымалы составтың қозғалыс уақытын қысқарту есебінен қоғамдық көлікті пайдаланатындар саны артады және қоғамдық көліктің жолағы ұлғаяды. Велосипед жолдарының желісі артады және көлік және велосипед қозғалысының аражігін ажырату үшін барьер қойылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалысы ыңғайлы болуы үшін қоғамдық көлік пен жайлы ортаның қолжетімділігіне ерекше назар аударылады.

 

 

 

Жоғары қарай