Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Алматы әкімдігі қисайған үйдің тұрғындарын көшіруге дайын

2019 жылдың 14 желтоқсан 2019 15:24

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев қисайған үйдің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім «Зерделі» шағынауданы №179 үйдің тұрғындарымен кездесу үшін Алатау ауданына келді.

Әкімдіктің хабарлауынша, үйдің қисайғаны туралы ақпарат расталған жоқ. Мамандар үйдің іргетасын нығайту үшін геологиялық шешім іздестіріп жатыр.

«Тұрғындардың басқа жаққа көшіру туралы өтінішін қарастыруға әкімдік дайын. Бұл туралы қаулыға қол қойылды. 72 пәтердің тұрғындарының уақытша пәтер жалдауына қаржы қарастырамыз»,- деп жазды қала әкімінің ресми өкілі Әсет Мұқажанов Instagram желісіндегі аккаунтында.

Сонымен қатар, құрылыс компаниясы мен сарапшылық қорытынды шығарған органдарға қатысты Алматы прокуратурасы сотқа дейінгі өндіріс қозғайды.

Одан бөлек, «Зерделі» шағынауданында Nur Otan партиясының Алатау аудандық бөлімшесі арнайы штаб құрды.

11 желтоқсанда Алатау ауданындағы Зерделі шағын ауданының тұрғындары үйлерінің қисайғанын айтып, дабыл қаққан болатын. Ал қалалық әкімдік арнайы тексеру нәтижесінде тұрғындардың алаңдауына негіз жоқ екенін айтқан болатын.

Жоғары қарай