Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Алматы агломерациясын дамытудың үш кезеңді бағдарламасы әзірленеді - Сағынтаев

2019 жылдың 10 тамыз 2019 22:27 84

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы агломерациясын дамытудың үш кезеңді бағдарламасы әзірленеді. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Премьер-Министр Асқар Мамин жұмыс сапарымен қаламызда болды. Мегаполистің даму мәселелері талқыланды. Алматы облысы әкімдігімен өзара өңіраралық бастамамыз Үкіметтің қолдауына ие болды. Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Алматы облысының әкімімен, қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, Алматы агломерациясын дамытудың үш кезеңді бағдарламасын әзірлейтін боламыз. Азық-түлік блогы бағытында нақты жұмыстар атқарылып, бұдан өзге энергетика, көлік, денсаулық сақтау, тұрғын үй саласында да бірлескен жобалардың тізбесі белгіленді»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, бірлескен жобаларды іске асырып, ілгерілету үшін Алматы мен Алматы облысының жобалық кеңсесін құру қажет.

Бақытжан Сағынтаев пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қай бағытта жұмыс жасайтынын анықтады. Олар:

1) қаламен шекаралас аудандарда жүйесіз құрылысты тоқтату;

2) алматылықтарға берілетін баспананы көтеру үшін учаскелер аймағын анықтау, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;

3) дамып келе жатқан шекаралық аймақтарда ШОБ субъектілерін дамыту;

4) жұмыспен қамту;

5) қалаға кіретін көлік жүктемесін азайту.

Жоғары қарай