Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.01
EUR 430.12
RUB 6.10
CNY 55.70

«Алматы-1» стансасының басшысы пара алу күдігіне ілінді

2019 жылдың 11 шілде 2019 16:30 1606

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ филиалының Алматы бөлімшесі «Алматы-1» стансасы басшысының пара алу фактісін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне сілтеме жасап.

«Ол кедергісіз тексеру мен жалға алынған контейнерлерді қайтару үшін жеке компания өкілінен 370 мың теңге сомасындағы параны делдал арқылы алды деген күдікке ілінді. Кінәні толық мойындауына байланысты күдіктілерді процессуалды ұстау шарасы қолданылмады. Тергеу амалдары жалғасуда», - делінген хабарламада.

Күдіктілердің айыптылық деңгейін анықтай отырып, оларға қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

 

 

 

Жоғары қарай