Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Әлия Назарбаева жас экологтармен кездесті

2019 жылдың 27 сәуір 2019 16:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балалар арасындағы халықаралық экологиялық жобалар байқауының аясында «Бізге керек әлем» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Қоғамдық маңызды бастамалар қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Әлия Назарбаева қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған дөңгелек үстел Алматыдағы Оқушылар сарайында 25 сәуірден бері өтіп жатқан халықаралық экологиялық жобалар байқауының соңғы кезеңі болатын. Конкурсқа ТМД-ның 9 елінен ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жаһандық экологиялық проблемалар жөнінде айтып берді.

Әлия Назарбаева конкурсқа қатысқан барлық балаларға алғыс айтып, үлкен табыс тіледі.

«Жақында мен Бейжіңдегі «Бір белдеу, бір жол» форумынан келдім. Барлық елдердің президенттері мен министрлері де біз талқылаған мәселелерді қозғады. Адам - табиғаттың бөлшегі, егер біз қоршаған ортаны аяламасақ, бәрімізге жаман болады. Сондықтан біздің болашағымызды ойлайтын, экология үшін жаны ауыратын жастарды көргеніме қуаныштымын. Бұл - тек бастамасы ғана», - деді Әлия Назарбаева.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі Якуб Барыш пен ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева да қатысушыларға ризашылығын білдірді.



null

Бағдарлама шеңберінде қатысушылар Қазақстанның тағы бір бірегей бренді - жыл сайынғы қызғалдақтар фестиваліне қатысты. Айта кетейік, Армения, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, , Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстанның оқушылары суды үнемдеу және СО2 қысқарту бағыттары бойынша инновациялық идеяларын ұсынған болатын.

Суды үнемдеу номинациясында қазақстандық оқушы жеңімпаз атанып, Әлия Назарбаевадан 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды.




null

Автор: Еламан Тұрысбеков

Жоғары қарай