Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 341.08
EUR 394.46
RUB 5.37
CNY 52.71

Алик Шпекбаев адал мемқызметшілердің санын жариялады

2018 жылдың 14 маусым 2018 17:32 492

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев адал жұмыс істейтін мемқызметшілердің санын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Меніңше, мемлекеттік қызметшілердің 99 проценті адал жұмыс істейді. Олар өз қызметіне жауапты, жұмысына адал. Ал кейбір мемлекеттік қызметшілер заңсыз пайда тауып, қылмысқа барып жатады. Әрине, біз ондай адамдарды заң бойынша жауапқа тартамыз. Бірақ солардың кесірінен барлық мемлекеттік қызметшілердің беделіне нұқсан келеді, бәріне көлеңке түседі», - деді А.Шпекбаев ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары бойынша комиссияның кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, бүгінгі отырыста ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бірғаным Әйтімова мемлекеттік қызметке жаңадан келетін мамандарды жемқорлықтан қорғау қажеттігін жеткізді. «Бізде мемлекеттік қызметшілерді көп жамандайды. Басқа елде ондай жоқ сияқты. Енді, жемқорлықпен күресіп келе жатырмыз ғой. Бірақ 100 мың мемлекеттік қызметші армиясының барлығы бірдей пара алмайтын шығар. Мәселен, бір облыста тұтас бір әкімдіктің қызметкерлері сөгіс алып шыққан. Меніңше, ондай әрекеттердің бәрін жан-жақты зерделеп, сыбайлас жемқорлыққа келе ме, жоқ па, соны анықтап алған жөн. Өйткені жаңадан келген қызметкерлер көп нәрсені білмей жатады, қателік жасайды және тағысын тағы. Оны да ескеру керек», - деп атап көрсетті Б.Әйтімова.

 

 

 

Жоғары қарай