Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Әлихан Смайылов Сауда және интеграция министрлігін құруға не түрткі болғанын айтты

2019 жылдың 18 маусым 2019 11:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігінің жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаңадан құрылған Сауда және интеграция министрлігіне Ұлттық экономика министрлігінің ішкі және сыртқы сауда саласы, сауданы жылжыту, сонымен қатар Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің техникалық реттеу комитетінің міндеттері беріледі. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігіне жүктелген экспортты жылжытуды үйлестіру де - жаңа министрліктің құзырында», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі таңда қазақстандық тауарлардың саудалануын шетелдік нарықтарда жүргізіп, ішкі нарықты сапасыз импорттық тауарлардан сақтау керек.

«Сол себепті бүгінгі күні біздің сауда саясатын күшейтуге ден қойылып отырғанын атап өту керек. Сонымен бірге, қазақстандық экономиканы әлемдік экономикаға интеграциялауға бағытталған шаралар қабылдануда», - деді министр.

Оның айтуына қарағанда, аталмыш ведомствоның құрылуына әртүрлі мемлекеттердің бір-біріне санкция қоюы да себеп болған.

«Әлемдік аренада, мемлекеттер арасында сауда-протекциондық соғыс үдей түсті. Аймақтың өзінде кейбір көрші мемлекеттер кейбір тауарларға кеден пошлинасын төмендете бастағанын, өз өндірісі үшін шикізатты өңдей бастағанын, осылайша өнімнің бәсекеге қабілетті бола түскенін байқап отырмыз. Яғни, тауарды өткізуде бәсекелестік қыза түсті. Күрес күшейіп келе жатқандықтан, осы саладағы жұмысты күшейту керектігі туралы шешім қабылданды. Сол себепті, жаңа министрлік құрылды», - деді спикер.

Жоғары қарай