Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Әлеуметтік желілерде көп отыру депрессияға алып келеді- ғалымдар

2018 жылдың 11 қараша 2018 20:38 651

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде көп отыру өзіңді жалғыз сезінуге және депрессияға алып келеді. Бұл туралы АҚШ-тағы Пенсильвания университетінің психологтары айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғалымдар Journal of Social and Clinical Psychology журналында әлеуметтік желілердің адам өміріне әсерін зерттеу нәтижелерін жариялады.

Ғалымдар өздерінің зерттеулерін Фейсбук, Instagram және Snapchat сияқты әлеуметтік желілерді белсенді қолданатын 143 студент арасында жүргізген.

Олар жастарды екі топқа бөлген. Бірінші топ өмірін өзгертпей әлеуметтік желілерді сол қалпында еркін және шектеусіз қолдана берген. Ал екінші топ мүшелері күніне тек 10 минут ғана әлеуметтік желіде отырған. Эксперимент үш аптаға созылған.

Сауалнамаға қатысқан қыздар мен жгіттер 7 көрсеткіш, яғни жалғыздық, әлеуметтік қолдау, депрессия, өзіңді қабылдау, өзгелер алдында өзіңді түсіру, күйгелектену, өз-өзін бағалау бойынша бағаланған.

Зерттеу қорытындысына қарағанда, әлеуметтік желілерде көп отыратындар өздерін жалғыз сезінген және депрессияға көбірек түскені байқалған. 

 

Автор: Самал Қабышева
Басты сөздер: Әлем, Интернет,
Жоғары қарай