Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті импорттау үшін «жасыл дәліз» ашылды

2020 жылдың 18 наурыз 2020 13:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, халық тұтынатын әлеуметтік маңызы бар импортталатын азық-түліктерге «жасыл дәліз» орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шара - бірінші кезекте тұтынатын тауарлар дефицитін тудырмау үшін жасалуда.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанға жалпы құны 554,6 млн АҚШ доллары тұратын 872 мың тонна тауар жеткізілген.

Атап айтқанда, қант – 165 мың тонна ($55,9млн); құс еті – 148 мың тонна ($143 млн); пияз – 133 мың тонна ($30,5 млн); сүт – 118 мың тонна ($56,8 млн); қырыққабат– 85 мың тонна ($24 млн); 78 мың тонна ($14,6 млн) сәбіз сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қатарына жатқызылған 19 түрлі тауар импортталған.

«Қазіргі таңда бірінші қажеттілік тауарларын тасымалдайтын негізгі компанияларға кеден тексеруі, сараптама, және тауардың құнын кедендік бақылау сияқты шаралар қолданылмайды.

Сондай-ақ, қазір шекарада өзге санаттағы бизнес субъектілеріне әкімшілік жүктемелерді азайту үшін «қызыл және сары дәліздердің» жұмысы қысқартылған», делінген хабарламада.


Жоғары қарай