Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Әлеуметтік қызметтер порталында сапалы тауарлар болады - вице-министр

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 18:06 693

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев цифрландыру саласындағы жоспарлармен бөлісті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, биыл шамамен екінші жартыжылдықта әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу жоспарланып отыр.

«Ол жерде арба, таяқ сияқты тауарларды тікелей өнім жеткізушілерден сатып алуға болады. Ал мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шығындарын субсидиялап отырады. Осылайша, қазіргі мемлекеттік сатып алулар болмайды. Себебі аталған процедуралар ұзаққа созылып кетеді. Содан мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздеріне қажетті заттарды уақытында алмайды», - деді Н.Мұқышев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. 

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, порталда тіркеуден өткен компаниялардың тізімі жарияланатын болады. Сөйтіп, оңалту құралдарын жеткізу және әлеуметтік қызметтермен тек өз жұмысына адал атқаратын компаниялар ғана айналысады.

«Әрине, ондай өзгерістер тауарлардың сапасына да оң ықпалын тигізеді. Бұдан бөлек, жақын арада біз электронды еңбек биржасында онлайн оқыту порталын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Осының арқасында кез келген адам үйден шықпай-ақ, өзінің біліктілігін арттыра алады», - деп атап көрсетті Н.Мұқышев.

 

 

Жоғары қарай