Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Әлемдік велоспорт жұлдыздары Алматыға келеді

2019 жылдың 11 тамыз 2019 16:52

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматыда өтетін веложарысты әлемнің 60 елінен көрермендер тамашалайтын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан велоспорт федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

30 тамызда Орта Азиядағы ең ірі веложарыс саналатын Tour of Almaty басталады. Қысқа уақыттың ішінде жанкүйерлері мен туристер арасында үлкен қызығушылық туғызған сайысты «Eurosport» арнасы арқылы әлемнің 60 елінде көруге болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, үшінші рет өтетін халықаралық кәсіби веложарыс екі күнге созылмақ.

«UCI 2.1 санаты бойынша қатысушылардың саны жылдан жылға көбейіп келеді. Биыл бірінші кезең «Алматы Арена» мұз сарайында басталады. Қатысушылар 30 тамызда жарысқа шығып, «Индустриялық парк» аумағымен 118, 6 шақырымды басып өтеді. 31-ші тамыз күні 160 шақырымдық «Road to Medeu» кезеңі басталады», - делінген федерцияның мәліметінде.

Бұған дейінгі Tour of Almaty жарыстарына дат шабандозы Якоб Фульсанг пен испандық Луис Леон Санчес секілді жұлдыздардың бағы жанған болатын.

Перевод Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Алматы, Спорт,
Жоғары қарай