Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Әлемдік мұнай бағасы өсіп келеді

2020 жылдың 8 қаңтар 2020 09:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Иран АҚШ-тың Ирактағы әскери базаларын атқылағаннан кейін WTI маркілі мұнай бағасы өсе түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш сайт таратқан мәліметтер бойынша техастық ашық түсті мұнай бағасы ақпан айындағы фьючерстер бойынша 4% жоғары өсті. Brent маркілі мұнай 3% қымбаттады.

nasdaq.com қор биржасының мәліметтері бойынша Brent маркілі мұнай құны барреліне 68,27 доларды құрап отыр.

Ал лондондық The ICE биржасының мәліметтеріне сәйкес, WTI маркілі мұнай құны ақпандағы фьючерстер бойынша барреліне $65,46 долларды құрады.


Жоғары қарай