Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Әлемдік экономикаға қауіп төніп тұр - Халықаралық валюта қоры

2019 жылдың 11 сәуір 2019 20:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қоры «Әлемдік экономиканың даму преспективалары» атты жыл сайынғы баяндамасын жариялады.

ВВС басылымының хабарлауынша, Қордың бас экономисі Гита Гопинатх әлемдік экономика қиын кезеңдерге тап болғанын және оған қауіп төніп тұрғанын айтқан.

«Әлемдік экономиканы төмен тартатын қауіп өте көп», дейді бас экономист.

Дегенмен, баяндамада биыл экономика 3,3%-ға, 2020 жылы 3,6%-ға өсетіні айтылған.

«Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы даму жылдамдығы тым баяу. Әсіресе, АҚШ, Ұлыбритания және Еуроодақ экономикасы төмен құлдырайды. Германия мен Италия экономикалық рецессия уақытына жетті. Сондай-ақ латын Америкасы, Таяу Шығыс пен Солтүстік Америкада да экономика төмендейді», деп жазады басылым.

Бас экономистің айтуынша, әлемдік саудада шиеленіс артып, аумағы кеңейеді. Сонымен қатар Brexit те экономикаға кесірін тигізетін болады.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Экономика, Әлем,
Жоғары қарай