Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Әлемде доллар миллиардерлерінің саны артты – The Guardian

2019 жылдың 22 қазан 2019 22:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Global Wealth Report зерттеуінде алғаш рет АҚШ екінші орын алып, Қытайдың бірінші орынға шыққаны хабарланды, деп жазады The Guardian.

«Жер шарындағы бай қытайлықтар саны 100 млн адам, ал америкалықтар 99 млн адамды құрайды. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысына қарамастан соңғы бір жыл ішінде екі мемлекеттің де әл-ауқаты $3,8 трлн және $1,9 трлн ға артқан.», дей келе автор АҚШ миллионерлер саны бойынша Қытайдан сәл алда екенін айтады. АҚШ-та 18,6 млн адамның қаржысы 1 млн доллардан асса, Қытайда 4,4 млн адамның қаржысы 1 млн доллардан асады.

«Әлем бойынша доллар миллиардерлерінің жалпы саны 1,1 млн адамға артып, 47 млн адамға жеткен. Олардың қолындағы актив 158 трлн долларды құрайды. 55 920 адамның байлығы 100 млн доллардан асалы, ал 4830 адам 500 млн доллардан асатын қаражатқа ие», деп жазады автор.

Оның айтуынша, әр ересек адамға шаққандағы кіріс әлем бойынша Швейцарияда көп. Ал әлем экономикасына АҚШ, Қытай, Еуроодақ елдерінің тигізіп жатқан әсері мол.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Америка,
Жоғары қарай