Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Алексей Полторанин «Тур де Ски» додасын неліктен орта жолда аяқтағанын айтты

2019 жылдың 8 қаңтар 2019 19:50 607

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шаңғы тебуден Қазақстар құрамасының көшбасшысы Алексей Полторанин «Тур де Ски» көпкүндігінде біздің ел атынан бір өзі сынға түсті. Алайда, төрт кезеңнен соң ол жарысқа шығудан бас тартқан болатын. Шаңғышы мұндай шешімді не үшін қабылдағанын түсіндіріп берді, деп жазады olympic.kz.

 «Біз әу-бастан төрт кезеңде ғана бақ сынаймыз деп шешкенбіз. «Тур де Ски» додасын біз дайындықтың бір бөлігі ретінде қарастындық. Біздің маусым әлі аяқталған жоқ. Алда өте маңызды жарыстар күтіп тұр. Сондықтан, маусымды қорытындылап, қандай да бір баға беруге әлі ерте», - дейді Полторанин. 

Айта кетелік, Алексей Полтораниннің «Тур де Ски» көпкүндігіндегі ең жоғары көрсеткіші - 17-ші орын. Ол 15 шақырымға масс-старт әдісімен жарысудан осындай нәтиже көрсетті. 

 

 

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай