Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Александр Винокуров Ironman Әлем чемпионатында жеңіске жетті

2019 жылдың 13 қазан 2019 10:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Олимпиада чемпионы Александр Винокуров Конада (Гавай, АҚШ) өткен Әлем чемпионатында өз жас категориясында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Винокуров 45-49 жас санатында өнер көрсетті. Бірінші кезеңдегі 3,8 шақырымға жүзу тапсырмасын 1:09:06 секундта орындап шықты.

Велокезеңнің алдында ол 150 үздік спортшының қатарында болған еді.

Велосынақта Винокуров алдыңғы орынға шығып, 180 шақырымды 4:21:06 секундта бағындырды.

Жүгіру дистанциясында спортшы көшбасшылықты сақтап, өз категориясында алғашқы болып мәреге жетті. Осылайша, ол үздіктер қатарында қала берді.

Спортшы Ironman-нің толық қашықтығын 8:48:24 секундта бағындырып, жеңімпаз атанды.

Ал барлық қатысушылардың арасында Винокуров 43-ші болды.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай