Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келеді

2019 жылдың 21 қазан 2019 11:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24-25 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруы бойынша Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Қазақстан Республикасына ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің ахуалы мен перспективалары талқыланатын болады.

Сонымен қатар, мемлекет басшылары ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы екі елдің өзара ықпалдастығын дамыту, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі маңызды мәселелер жөнінде пікір алмасады деп жоспарлануда.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылады.

Жоғары қарай