Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Александр Лукашенко Қазақстанға ресми сапармен келді

2019 жылдың 24 қазан 2019 22:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь Республикасының Президенті Қазақстанға ресми сапармен келді. Бұл туралы ҚазАқпарат «Хабар 24» сілтеме жасап хабарлайды.

Александр Лукашенконың осыған дейін елімізде өткен түрлі саммиттерге қатысқаны белгілі. Бірақ сапарлап, ресми келмегелі алты жыл өтіпті.

Мәртебелі мейман бүгін Елордада Отан қорғаушылар монументіне барып, батырларға тағзым көрсетіп, гүл қойды. Ал ертең Беларусь басшысы Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Екі жақ шағын және кең құрамдағы келіссөздер өткізеді, деп жоспарланған.

Айта кетейік, өткен жылы елдер арасындағы тауар айналымы бір жарым процнетке өсті. Жыл басынан бері алыс-беріс көлемі 500 млрд долларға жуықтаған.













Фото:belta.by

Басты сөздер: Беларусь, ҚР СІМ,
Жоғары қарай