Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

Алдағы үш күнгі ауа райы болжамы

2020 жылдың 23 қаңтар 2020 11:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 23-25 қаңтар аралығындағы ауа райы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Республиканың басым бөлігі Ресей және Скандинавия түбегінің солтүстік аймақтары арқылы жылжитын атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында қалады. Сондықтан көптеген облыстарда қар, бұрқасын, батыстан екпінді жел соғатыны күтіледі. Солтүстік облыстарда желдің күші 30 м/с жетуі мүмкін. Сондай-ақ тұман мен көктайғақ болжанады. Ауа температурасы орташа көпжылдық нормадан 5...8°С, солтүстік облыстарда 8…13°С жоғары сақталады», - деді синоптиктер.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай