Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Алдағы үш күнде Қазақстанда қар жауады

2018 жылдың 17 қазан 2018 12:07 322

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 2018 жылдың 18-20 қазан күндеріне ауа-райы болжамын таратты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Суық арктикалық ауа массасының келуі күннің суытуына себеп болады. Жауын-шашын, әсіресе Қазақстанның барлық дерлік аумағында қар жауады. Алдағы үш тәулікте ауа райының күрт өзгеруі күтілмейді. Бұрынғыдай көптеген облыстарда жауын-шашын, әсіресе қар, көктайғақ, тұман түседі және ауа температурасы осы кезеңге тән қалыпты температурадан 3...5°С төмен болады. Тек республиканың батыс облыстары көтеріңкі атмосфералық қысым аясында болады, сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және жылы ауа райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз плюс 12...20°С дейін жылынады», - делінген синоптиктердің хабарламасында. 

 

 

Жоғары қарай