Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Алдағы мереке күндеріне қосымша вагондар мен бағдарлар іске қосылады

2019 жылдың 3 желтоқсан 2019 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы мереке күндеріне қосымша вагондар қосылады. Бұл «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының корпоративтің мәселелер жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкозов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы мереке күндеріне, оның ішінде жаңажылдық демалыс күндеріне қосымша вагондар мен бағдарларды іске қостық. Осы орайда, жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету бағытында компания алға қойылған мақсаттарды барынша оңтайлы орындайтын болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Атап айтқанда, жолаушылар тасымалы жүйесінде билет сату саласының орны ерекше. Бұл тұрғыда халықтың теміржол билетін сатып алуына барынша қолайлы жағдай жасап, мүмкіндік беру үшін «ҚТЖ» ұлттық компаниясының қолдауымен «Mobius» отандық қаржы жүйесіне негізделген электронды билетпен қамтамасыз ету технологиясы іске асырылуда.

Асылхан Қалдыкозовтың айтуынша, жаңа жүйеге көшу билет сатып алу талаптарын жақсартты. Бүгінде билетті интернет-ресурстар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары және өзге де арналар арқылы билет сату кеңейтілді.

«2019 жылдың 11 айында билеттің жалпы көлемнен 80 пайызынан астамы электронды түрде сатылды. Оның ішінде интернет арқылы 5 миллионнан астам билет саттық. Күн сайын онлайн сатып алулардың танымалдығы артып келеді», - деді компания өкілі.

Сонымен қатар, қазіргі кезде сатып алатын бос орындар болмаған жағдайда, жолаушының «Күту парағы» тізіміне тіркелуге мүмкіндігі бар. Бос орын пайда болған кезде жүйе кезектегі жолаушыға осы ақпаратты ұсынады.

«Электронды күту парағы» қызметі іске қосылған күннен бастап (2019 жылғы 10 шілдеден) осы уақытқа дейін жаппай тасымал кезінде 85 мыңнан астам жолаушы осы мүмкіндікті пайдаланды», - деді А. Қалдыкозов.

Айта кетейік, биыл шілде айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Күту парақшасы» түрінде жолаушыларға жаңа қызмет ұсынылатынын хабарлаған еді.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жазда пойыз билетінің тапшылығын жоюды тапсырды.

«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Қоғам, ҚТЖ,
Жоғары қарай