Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Алдағы күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік сақталады

2019 жылдың 24 мамыр 2019 14:33 508

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктер 25-27 мамырға арналған ауа райының болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы үш тәулікте ауа райы құбылмалы болады, жиі жауын жауып, күн күркірейді және екпінді жел сақталады.

«Егер еліміздің оңтүстігінде күндіз ауа плюс 28...33°С көтерілетін болса, ал солтүстік және шығыс облыстарда түнде 3°С дейін үсік сақталады.

Бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстігінен және Жайық өзені бойынан ылғал және суық ауа массаларының келуіне байланысты.

Ал, оңтүстік өңірлерге Орталық Азиядан жылы ауа массалары келеді», делінген хабарламада. 

 

 

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Жоғары қарай