Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 12:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» мамандары алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атланттан ауа массаларының ығысуына байланысты алдағы демалыс күндері Қазақстанда ерекше жылы ауа райы сақталады. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында климаттық нормадан 5…10°С жоғары, оңтүстікте - нормаға жуық және одан 2...4°С жоғары болады.

Республика арқылы өтетін атмосфералық фронттардың әсерінен солтүстік және шығыс облыстарда бұрқасын көтеріліп, қар жауады. Оңтүстік облыстарда дымқыл, жылбысқы қар жауады.

Күндіз ауа температурасы 0-минус 8°С аралығында, оңтүстікте +3 және -5°С аралығында сақталады. Сондықтан, Қазақстан аймағының басым бөлігінде көктайғақ болады. 500 метрге дейінгі қашықтық көрінбейтін тұман түседі.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай