Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Алдағы 5 жылда жаңартылатын энергия көздері екі есе артады – зерттеу

2019 жылдың 22 қазан 2019 14:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдік энергетика агенттігі күн энергиясы ғалымдар болжағаннан да жылдам дамитынын айтты, деп жазады The Guardian.

«Әлем бойынша жаңартылатын электр энергиясы ғалымдар күткеннен жылдам дамиды, сонымен қатар алдағы бес жылда 50%-ға артады. Халықаралық энергетика агенттігі күн, жел және гидроэнергетика саласының жобалары соңғы төрт жылда дамып жатқанын хабарлады», деп жазады басылым.

Мамандардың айтуынша, 2024 жылы арзан күн энергиясының қуаты әлем бойынша 600 ГВт-қа жетеді. Ал алдағы бес жылда бұл 1200 ГВт болады.

«Ғалымдардың айтуынша, жаңартылатын энергия көздері әлем бойынша мұнай мен көмір сұранысын кемітеді. Қазіргі таңда әлемдегі электр энергиясының 26% жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі», деп жазады автор.

Халықаралық энергетика агенттігінің хабарлауынша, жаңартылатын энергия көздерінде күн энергиясы басым болады.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Энергетика,
Жоғары қарай