Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Алатау ауданының тұрғындары Сағынтаевқа алаңдатқан сұрақтарын қойды

2019 жылдың 9 тамыз 2019 16:05

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Almaty Art Center-де Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімі әлеуметтік және жол-көлік инфрақұрылымы, медициналық қызметтер мен құқық қорғау қызметі, қоғамдық қауіпсіздік, жұмыс орындарын ашу туралы айтты.

Бақытжан Сағынтаев барлық аудандағы сапалы медициналық қызметтердің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Осы мақсатта медициналық мекемелері жоқ ықшамаудандарда медициналық орталықтар, амбулаториялар ашылатын болады.

Онымен қоса, 1 тамыздан бастап тоқсан сайын жылжымалы медициналық орталықтар жұмыс істей бастайды. Онда тұрғындар арнайы мамандардан кеңес ала алады. Әкім жұмыспен қамту мен жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Сапалы жұмыс орындарын ашу үшін шара қолданылуда. Ауданда «Бақытты отбасы» көпбалалы аналарды қолдау орталықтары ашылып жатыр.

Тұрғындар инженерлік желілердің, жолдардың, көшенің жарықтандыру желілерінің жоқтығын алға тартты.

Көбінесе олардың шағымы учаскелерді заңдастыру, үй құрылысы құжатын реттеу, коммуникацияларды жүргізуге қатысты болды.

Ауданда 4760 оқушы орны тапшы.

3 сағатқа созылған кездесуде 400-ге жуық сұрақ қойылды.

Жазылып алынған сұрақтарға әкімдік жақын арада жазбаша жауап қайтаратын болады.




«Тез шешіле қоюы екіталай мәселелер бар. Ол абаттандыру, жарықтандыру мәселелері. Оған уақыт, қосымша қаржыландыру керек болады. Қай жерлерде жағдай мүшкіл бірінші сол аудандардың мәселесін шешуге ден қоямыз», - деді Б.Сағынтаев.

Өткен сенбіде әкім Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездескен болатын.


Жоғары қарай