Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Алакөлге бара жатқан автобус отқа оранды

2019 жылдың 12 шілде 2019 15:41

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Семейден Алакөлге 12 адамды апара жатқан автобустан өрт шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жолаушылар мінген «Lifan» маркалы автобус «Таскескен-Бақты» тасжолында отқа оранған.

«Қызыл жалын көліктің қозғалтқыш бөлігінен тұтанып, кейін дөңгелектері мен автобус ішіне жайылған.

«Автобус ішінде 12 жолаушы болған. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Олар жолай өзге көліктерге отырып, діттеген жерлеріне жетті. Өрт болған жерде Үржар ауданындағы №17 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп, таңғы сағат 6.30-да тілсіз жауды ауыздықтады. Өртке көлік иесінің абайсыздығы себеп болуы мүмкін», - делінген департамент таратқан ақпаратта.

Жоғары қарай