Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Альварес Головкиннің екінші жекпе-жектегі жеңісін мойындады

2018 жылдың 24 қыркүйек 2018 13:55 57

АСТАНА. ҚазАқпарт - WBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы колумбиялық әлем чемпионы Элейдер Альварес өзімен тегі бір мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің Геннадий Головкинмен реваншта жеңгенімен келіспейді, деп хабарлайды Sports.kz.

Еске салайық, 16 қыркүйек күні GGG мен «Канело» арасындағы қарымта кездесу өтіп, төрешілердің шешіміне сәйкес мексикалық боксшы жеңімпаз атанған еді.

«Бұл жолы «Канело» әлдеқайда мықты жұдырықтасты. Себебі ол әрдайым алға ұмтылып тұрды. Дегенмен Головкиннің соққылары дәлірек, айқын болды. Сондықтан мен оны жеңімпаз деп санаймын. Алайда бокста мұндай жағдайлар болып тұрады», - деді Boxingscene.com сайтына берген сұхбатында Элейдер.

 

 

Басты сөздер: Спорт, Геннадий Головкин, Бокс,
Жоғары қарай