Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Актриса Раиса Мұхамедиярова дүниеден озды

2019 жылдың 5 қараша 2019 11:04

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Театр және кино актрисасы Раиса Мухамедиярова дүниеден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы хабарды Ғ.Мүсірепов атындағы жасөспірімдер театрының өкілдері растады.

Раиса Мәжитқызы Мұхамедиярова 1939 жылы 11 шілдеде Семей облысы Көкпекті ауылында дүниеге келген. Қазақ ССР және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақ киносы мен театр саласына өлшеусіз еңбек сіңірген актриса.

Ол қазақ киносының алтын қорына енген «Менің атым Қожа» фильміндегі Майқанова рөлін сомдаған. Сондай-ақ, актриса «Балалық шаққа саяхат», «Балам менің», «Бұғы адам», «Найзатас етегінде», «Қанабек», «Айсұлу туралы ертегі», «Желкен», «Менің әпкем», «Түнек әміршісі» фильмдерінде ойнады.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу күні мен уақыты әлі белгісіз. Оны алдағы уақытта тағы хабарлайтын боламыз.

Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Өнер,
Жоғары қарай