Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Ақтоты Райымқұлова Головкинді жеңісімен құттықтады

2019 жылдың 6 қазан 2019 10:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова кəсіпқой боксшы Геннадий Головкинді орта салмақта IBF жəне IBO алтын белбеулерін жеңіп алуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті Геннадий! Осы жекпе-жекті асыға күткен барша жанкүйерлердің және жеке өзімнің атымнан кəсіпқой шаршы алаң төріндегі жеңісіңізбен құттықтаймын. Украиналық Сергей Деревянченкомен өткен кездесуде жеңіске деген құлшынысқа толы мұқалмас қажыр-қайратыңыз, кәсіби шеберлігін сақтаған спортшы екеніңізді көрсеттіңіз. Бүгінгі талассыз жеңісіңізбен Қазақ елі əлемдік бокс алпауыттары лидерлерінің бірі екенін тағы да дəлелдей түстіңіз. Сіздің жарқын жеңістеріңіз жас спортшыларға үлгі. Бұл еліміздегі бокстың дамуына, жастарды ұлы жеңістерге ынталандыруға үлкен алғышарт. Туған елдің туын жеңісімен желбіреткен азамат ретінде ризашылығымды жеткізе отырып, алдағы уақытта да елімізді қуанта беретініңізге шын ниетпен сенім білдіремін», - делінген Ақтоты Райымқұлованың Facebook-тегі құттықтауында.

Айта кетейік, бүгін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 КО) жекпе-жек өткізіп, ұпай санымен басым түскен еді.

Жоғары қарай