Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Ақтоты Райымқұлова болашақ чемпиондармен кездесті

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 16:48

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп интернат-колледжіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік мәліметінше, А.Райымқұлова сапар барысында мектептің кабинеттерін, жатақхана, асхана, жаттығу залдарын аралап көрді. Сондай-ақ 300 орынға арналған жаңа мектептің құрылысымен танысты. Риддер қаласының әкімі Ж.Мұратов мектеп директоры В. Кнауппен кездесуде колледж аумағында шаңғы трассасын салу, Риддер қаласында 40 метерлік трамплин салу мәселелері талқыланды. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова мектеп оқушыларымен де кездесті.

«Біздің міндетіміз – сендердің спортпен алаңсыз айналысуларың үшін барлық жағдайды жасап беру. Ал сендер, балалар жақсы нәтижелер көрсетіп, өздеріңе сенім артып отырған колледждің, қаланың, елдің туын тек биіктен желбірететін болыңдар»,- деген министр колледж тәрбиеленушілеріне сәттілік тіледі.


Жоғары қарай