Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 361.66
EUR 409.51
RUB 5.41
CNY 52.36

Ақтөбенің 300 ауылын 300 кәсіпкер қамқорлыққа алады

2018 жылдың 17 мамыр 2018 20:23 1049

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбеденің кәсіпкерлері туған жеріне көмек көрсетіп, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтың бастамасын қолдады. Күзге дейін 300 ауылға қамқоршы болатын 300 кәсіпкер анықталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен «Атамекен» ҰКП төрағасы Тимур Құлыбаев келді. Өңірдің жұмысымен танысып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында салынған бірнеше спорт, мәдениет, білім саласының нысанын аралады. Кейін облыс кәсіпкерлерімен кездесті.

«Ақтөбе қаласын аралап, кәсіпкерлердің көп іс тындырғанын көрдік. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған, кәсіпкерлердің өз қаржысына тұрғызылған нысан көп. Бұл өңірдегі бизнес климатты айғақтайтын іс. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағыты бойынша 2013-2017 жылдары арасында 22 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 40 пайызына «Атамекен» ҰКП көмектесті. Яғни, 92 миллиард теңгенің меншік құқығы қорғалды. Заң жобаларына 20 мыңнан астам сараптама жүргізілді. Заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін 6,5 мыңнан астам ұсыныс беріліп, оның 73 пайызы қабылданды. Әкімшілік кедергіні жою үшін де жұмыс атқарылып жатыр. Еліміз бойынша 575 шағым түсіп, басым бөлімі шешімін тапты. Бақылау-қадағалау жұмыстары да азайды. Есесіне сақтандыру, алдын алу жұмыстарын күшейту керек. Әлеуметтік желі арқылы ақпарат тез тарайды. Мәселен, лифт шаруашылығы, тамақтан улану, қоғамдық көлік тасымалы секілді проблемалар көтерілгенде қоғамдық резонанс туады. Сондықтан «Атамекен» ҰКП ел заңнамаларын сақтайтын, өз ісіне адал, сапалы қызмет көрсететін кәсіпкерлерді қорғайтынын жеткізгіміз келеді»,- деді «Атамекен» ҰКП төрағасы Тимур Құлыбаев.

Кездесу кезінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қиындықтар мен бизнестің дамуын тежейтін факторларды атап өтті.

«Біріншіден, тарифтегі тұрақтылық. Өкінішке қарай, кейбір министрлік тарифтерді өзгертіп жібереді. Бизнес тәуекелге барып, кейін сенімсіздікке бой алдырады. Екіншіден, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында өңірлерге қаржы бөлінбеді. Ұсыныстар болды, бірақ ақша қарастырылмай отыр»,- деді өңір басшысы Бердібек Сапарбаев.

Кейін «Атамекен» ҰКП «5 мың ауылға 5 мың қамқоршы» жобасына қолдау білдіретінін, қазір 50 кәсіпкер айқындалғанын жеткізді.

«Қазіргі кезде ауылына көмектесуге дайын 50 кәсіпкер анықталды. Олар әлеуметтік сұрақтарды шешуге, бизнес негіздерін оқытуға дайын. Өңірде барлығы 340 ауыл болса, оның 300-і болашағы бар. Қолдау болса, қыркүйек айына дейін 300 кәсіпкерді тауып, ауылды бекітеміз»,- деді облыс әкімі Б.Сапарбаев. 

 

 

Жоғары қарай