Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 386.04
EUR 427.77
RUB 5.88
CNY 54.45

Ақтөбенің 150 жылдығына орай кәсіпқой бокс кеші өтеді

2019 жылдың 22 ақпан 2019 07:21 1152

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 27 ақпан күні Ақтөбе қаласының 150 жылдығына орай кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл туралы ВКонтакте әлеуметтік желісінде «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпқой бокс кешін Tukeshov Boxing Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастыруда. 

Турнир аясында профи-рингтегі алғашқы айқасын 23 жастағы елордалық боксшы Ерболат Ермеков өткізеді. Ол екі мәрте Қазақстан чемпионы болған, сондай-ақ ел намысын әлем біріншілігінде қорғаған. Оның қарсыласы - шымкенттік Мейірбек Сабыров. Кәсіпқой рингте үш жеңісі бар. Рейтингілік жекпе-жек жартылай орта салмақта (66,7 келі) өтеді.





Сондай-ақ бірінші орта салмақта (58,9 кг) қазақстандық Полат Әбдіқасылов пен ресейлік Владислав Яковлевтің айқастары жоспарланған. Әбдіқасылов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін былтыр 15 қыркүйек күні Ақтөбеде Tukeshov Boxing Promotions компаниясы ұйымдастырған кеште өткізген еді. Спортшымыз қарсыласы - өзбекстандық Бахадүр Тиллоевты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.  





Іріктеу турнирлерінен кейін келешегінен үміт күттіретін боксшылар Tukeshov Boxing Promotions компаниясының құрамына енеді және алдағы уақытта еліміз атынан әлемдік ареналарда өнер көрсетпек.

«Жекпе-жек» спорт кешенінде өтетін бокс шоуын танымал актер, «Кейкі Мерген» фильмінде Кейкі батыр рөлім сомдаған Дархан Сүлейменов жүргізеді.

Мәлім болғандай, билеттер құны - 1000 теңге. Түскен барлық ақшалар «Харекет» қайырымдылық қорына аударылады.

 

 

 

Жоғары қарай