Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Ақтөбелік шаруалар мақсары өсірудің артықшылығымен танысты

2019 жылдың 2 тамыз 2019 20:55 156

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы аграрларды өсімдік шаруашылығындағы инновация жұмыстарымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясында «Аймақтың әртүрлі топырақ-климаттық жағдайында майлы мақсары дақылдарын өсірудің инновациялық технологиялары» атты ғылыми-практикалық семинар өтті. Ғылыми қызметкерлер мақсары өсірудің қыр-сырымен бөлісті.

Айта кетейік, облыстағы 805 мың гектар егістіктің 18 мың гектары майлы дақылдар, оның 11 мың гектары мақсары. Ақтөбеде Хромтау, Қобда, Мұғалжар, Мәртөк және Алға аудандары ғана мақсары егеді.

«Мақсары өсіруді Мәртөк ауданынан бастадық. 2015 жылы «АСХОС» ЖШС «Дина» шаруа қожалығына 10 жыл ішінде жеке селекция нәтижесінде алынған «Ахрам» өзіндік тұқымын берді. Бірінші жылы 700 кг тұқымнан 22 тонна өнім алды. Келесі жылы 700 гектар жерге егін егіліп, 560 тонна тұқым алынды. Бұл осы дақылдың жақсы өсетінін көруге болады», - Тәжірибе станциясындағы ауыл шаруашылығы және мақсары бөлімінің бастығы, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Айбатша Жұбанышева.



Ауыспалы егіс жүйелері, топырақты өңдеу, өсімдіктерді бақылау мен қорғау жан-жақты түсіндірілді.

«Мақсары шұғыл континентті климатқа бейімделген және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің қатарына жатады. Оның тұқымынан бағалы мақсары майын алынады. Тамақ істеуге, техникалық мақсаттар үшін майды пайдалануға болады. Өңделген өнімдер жануарлар мен құстар үшін жоғары қоректік тағам болып табылады. Сонымен қатар мақсары гүлінің жапырақтары медицинада қолданылады» - деді Айбатша Жұбанышева.

Семинар өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станициясының қолдауымен, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы агрокешендік орталығының ұйымдастырумен өтті.

Жоғары қарай