Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Ақтөбелік оқушылар зағиптарға арналған «ақылды» таяқ ойлап тапты

2019 жылдың 17 қазан 2019 20:20

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде екі жобаны таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екеуі де зағип жандарға арналған. Бірі мобильді қосымша, екіншісі бағыттаушы таяқ.

«Асан Қожин мен Нұрдәулет Таумергенов «BlindHelper» атты зағип жандарға арналған навигациялық жүйесі бар таяқ авторлары. Жобаның міндеті - көру қабілеті нашар адамдарды бағыттауға арналған әмбебап құрылғыны жасау. «BlindHelper» адамның орналасқан жерін табады және нейрондық желілерді қолдана отырып қажетті пунктке апарады. Оны пайдалану үшін үшінші тараптың көмегі қажет емес. Басқару және навигация қарапайым және интуитивті форматта өтеді.

Бұл мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған Нұрдәулеттің алғашқы жобасы емес. Өткен жылы зияткерлік мектеп оқушысы халықаралық зияткерлік ойындардың Гран-при иегері атанды және «GloveSpeaker» мылқауларға арналған қолғап жасап шығарғаны үшін 5000 доллар жеңіп алды», - Назарбаев зияткерлік мектебінің баспасөз хатшысы Айгерім Аманқосова.

Айта кетейік, зағип немесе көру қабілеті нашар адамдарға арналған мобильді қосымшаны Аружан Абдрахманова, Ақмерей Нұрлыбай және Аружан Шинбаева ойлап тапты. Жоба атауы – «Өмір сүру қабілеті». Қосымшаның екі негізгі міндеті

бар. «Біріншісіден пайдаланушы тек смартфон камерасын мәтінге бағыттауы керек, қосымша оны танып, мәтінді дауыстап оқиды. Екінші қадам - камераны адамға немесе кез келген объектіге бағыттағанда қосымша оның түсін, не істеп тұрғанын, тіпті оның көңіл-күйін сипаттайды. Балалар жобаларын әрі қарай дамытып, оларды көпшілікке қол жетімді етуді жоспарлап отыр», - деді А. Аманқосова.










Жоғары қарай