Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Ақтөбелік дәрігерлер жаңа туған сәбидің жүрегіне ота жасады

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 18:05 532

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде туабітті жүрек ауруына шалдыққан сәбиге дәрігерлер шұғыл ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбенің Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылында 4 қаңтар күні туабітті жүрек ақауымен Хамза есімді сәби дүниеге келді. Дәрігерлер бірден телемедицина арқылы байланысқа шығып, кеңес берді. Кардиохирургтер санавиация жіберу туралы шұғыл шешім қабылдаған-ды. Облыс орталығына жеткізілген балаға ота жасалды.

«Сәби Ақтөбе медициналық орталығының балалар стационары, кардиореанимациялық бөлімшесіне орналастырылды. Қосымша тексеру жүргізіліп, сәбиге  «өкпе артериясы клапанының атрезиясы» диагнозы қойылды. Сырқат салдарынан оттегі жетпей, баланың терісі көгеріп кеткен. Күрделі ота кезінде қан айналымын бірқалыпқа түсіру үшін жасанды аппарат орнатылды. Ота сәтті аяқталып, сәби сауығып келе жатыр. Дәрі-дәрмек жеткілікті, шақалақ дәрігерлердің үздіксіз бақылауында. Қазір науқас сәби табиғи жолмен тыныс алып жатыр. Бала ұзақ емделеді әрі жүрек трансплантациясы қажет», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ақтөбе медициналық орталығында туабітті жүрек ақауына шалдыққан балаларға көмек беру үшін арнайы топ құрылған. Топ үш жылдан бері тек Ақтөбе облысы емес, еліміздің батыс өңіріндегі балаларға көмек беріп келеді.  

 

 

Жоғары қарай