Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Ақтөбедегі ауыл маңынан студенттің өлі денесі табылды

2019 жылдың 19 сәуір 2019 22:26 920

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Жайсаң көпсалалы колледжінің 1-курс студентінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 12 сәуір күні қайғылы оқиға тіркелді. Мәртөк ауданының Жайсаң ауылы маңында 1-курс студентінің денесі табылды.

«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1999 жылы туған студент Жайсаң арнайы білім беру ұйымында тәрбиеленген. «Ақыл-ойы тежелген» диагнозымен психиатрдың есебінде тұрған және ІІ-топтағы мүгедек. Колледжде «Тігінші» мамандығы бойынша оқып, мемлекет тарапынан шәкіртақы алған», - деп хабарлады облыстық білім басқармасы.

Айта кетейік, қылмыстық іс бойынша Алға облыстық балалар үйінің түлегі, Жайсаң көпсалалы колледжінің 2-курс студенті күдікті ретінде қамауға алынды. Өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша, күдікті де психиатрдың есебінде тұр. Тергеу жұмыстары аяқталғанша басқа мәліметтер жарияланбайды.

 

 

Жоғары қарай