Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Ақтөбедегі «алтын адам» Сармат тайпасының көсемі болуы мүмкін

2019 жылдың 12 қараша 2019 20:17

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Темір ауданы Тасқопа ауылында табылған ескерткіш бірер жыл бойы зерттелмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ә. Марғұлан атындағы археология институты Ақтөбе облысының ежелгі тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған бес ғылыми-зерттеу жобасын жүзеге асырды. Соның бірі - ерте көшпенділердің элиталық ескерткіштерін археологиялық тұрғыда зерттеу.




«Тамыз айынан бастап үш ай бойы археологиялық зерттеу жүргізілді. Тасқопа ауылынан бірегей қорым табылып, құнды дүние табылды. Алтын бұйымдар көп шықты. Тоналғанына қарамастан жақсы сақталған екен. Қазба жұмысы кезінде топырағымен бірге алынды. Алдағы уақытта кешенді түрде жүргізіледі. Болжам бойынша сармат тайпасының көсемі жерлеген болуы мүмкін. Ескерткіш ерте темір дәуіріне жатады», - Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың Нұр - Сұлтан қалалық филиал директоры Талғат Маменов. Археологтардың айтуынша, қорымды тонау жиі кездеседі. Дегенмен бұл жолы табылған алтын бұйымдар ғылым үшін жаңалық ашуға жеткілікті. «Есік қаласында табылған »Алтын адамда« кейбір жәдігерге ағашқа алтын жалатылған болатын. Ал Тасқопада табылған жәдігерде темірге алтын жалатылған», - ғылыми қызметкер Дархан Байтілеуов.

Еске салсақ, Тасқопа ауылында «Алтын адам« табылды. Қорымның ертеректе тоналғанына қарамастан археологтар мұны сенсациялық жаңалыққа балады.













Жоғары қарай