Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Ақтөбеде зорлық көрген мүгедек қыздың анасы күдіктінің қатаң жазалануын сұрады

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 20:13

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде ІІ топ мүгедегін зорлаған күдіктінің ісі сотқа жетіп, кейін қайта тергеуге жіберілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі жанның анасы оқиғаның мән-жайын айтып, қатаң жаза тағайындауды сұрап отыр.

«Негізі сол күні үйге апам келіп, мәре-сәре болдық. Көп ұзамай зорлық көрсеткен туысымыз үйге кірген кезде қызым көріп, «өл» деп айқайлады. Қызымның алаңдағанын көрген апам күмәндана бастаған соң сұрадық. Ол дұрыс сөйлей алмайды, бәрін көрсетті. Қыркүйек айында оқиға туралы біліп, үйге полиция шақырдым. Полиция келіп, күдіктіні анықтады, Ол бір рет емес, бірнеше рет зорлық көрсеткен. Туысымыз болған соң сеніп, үйдің кілтін тастап, қызымызға қарап қоюын өтінетін едік. Қазір ішіміз күйіп жүр. Оның қатаң жазаланғанын қалаймыз. Күдікті отбасылы, балалары да бар. Қызымды қорлады, кешірім болмайды», - деді ата-жөнін жасырған жәбірленушінің анасы.

Полиция тергеу аяқталғанын хабарлағанымен, сот істі кері қайтарған.

«Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабы бойынша іс түсті. 6-қаңтардағы соттың қаулысына сәйкес қылмыстық процестік заңнаманың бұзылуына байланысты іс прокуратураға қайтарылды. Қаулы заңды күшіне енбеді», - деді облыстық соттың бас маманы Айжамал Сүндет.

Еске салсақ, «Немолчи» қоғамдық қорының өкілі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жәбірленушінің туыстары хабарласып, көмек сұрағанын жазды. Іс сотқа жетіп, қайта тергеуге жіберілген.


Жоғары қарай