Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ақтөбеде зираттың темір қоршауын 32 мың теңгеге сатып жіберген

2019 жылдың 17 сәуір 2019 19:34 594

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде Өрлеу ауылы маңындағы зираттан темір қоршаулар ұрланды. Полиция қызметкерлері қоршауларды ұрлап, сатып жіберген күдіктіні ұстады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде зираттардағы темір қоршауды ұрлау дерегі жиілеп кетті. 16 сәуір күні полицияға Өрлеу ауылы маңында орналасқан зиратқа жауапты әкімшілік қызметкері хабарласып, металл қоршаулардың ұрланғанын айтты. Жедел тексеру кезінде күдікті қолға түсті.

«Жедел іздестіру шараларын ұйымдастыру барысында учаскелік полиция инспекторлары металл қабылдау орындарын тексерді және осы қабылдау орындарынан зират қоршауларын тапты. Металл қабылдау орны қызметкерінің айтуынша, күдікті көлікпен келіп, қоршауларды тапсырған. Бұдан әрі учаскелік полиция инспекторлары бақылау камералары арқылы автокөлікті анықтап, осы қылмысты жасаған күдіктіні ұстады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Барлығы 30 дана қоршау ұрланған. Күдікті бұған дейін де ұрлық жасап сотталған.


null 

«Ақшат ауылынан шығып, зираттағы құбырларды көрдім. Бұл жердің күзеті бар екенін білмедім. Құбырды көрген соң алып, сатып жібердім. Маған ақша қажет болды. Металл қабылдау орны 32 мың теңге берді», - деді күдікті жауап алу кезінде.

Айта кетейік, қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Бұған дейін Сүт зауыты ауданы  Бауырластар зиратындағы темір қоршаулар ұрланған болатын.



null 

 

 

Жоғары қарай